Мамандық әлемі

 М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында

2018 жылдың 4 сәуір-4 мамыр аралығында мектеп түлектерінің

арасында «МАМАНДЫҚ ӘЛЕМІ» атты айлық барысындағы

іс-шаралардан көрініс

Сыныптан тыс іс-шара мен сынып сағаттарында  «Кәсіптер әлемі» (8сынып) «Кім болғым келеді?» «Сенің таңдауын» «Барлық жұмыстар жақсы, өз қалауын таңда…» (9-11 сынып)  тақырыптары қамтылды.

Кәсіптік бағдар таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету мақсатында 9-10 сынып оқушылар аралығында  «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында /психолог А.Н. Қали/  психологиялық тренинг ұйымдастырылып, «Мен таңдаған мамандық», «Мамандықты тап» ойыны», «Әріпті мамандық» сайысы», «Ең-ең…» (ойын) деген ойын-жаттығулары жүргізіліп, оқушылар өте белсенді қатысып, өз ойларын еркін білдірді.