Махамбет рухына арналған кеш

2018 жылдың 28 ақпан күні Х.Есенжанов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында ақын, батыр М.Өтемісұлының туғанына 215 жыл толуына арналған фестиваль өтті. Патриоттық өнер байқауына мектебіміздің 8а-сыныптың екі оқушысы қатысты. Атап айтсақ,  М.Жұбандықова «Ерлікке тағзым» атты өз туындысын ақын рухына арнаса, Г.Хасанова Махамбеттің «Арғымақ сені сақтадым» өлеңін мәнерлеп жатқа оқыды. Шара қорытындысы бойынша  екі қатысушы да кітапхана директорының «Алғыс хатымен» марапатталды.