«Махамбет оқуларында» бағы жанды

2019 жылдың 19 наурызы күні «Дарын» қосымша білім орталығында   облыстық мектеп оқушылары арасында «Махамбет оқулары» байқауы оздырылды. Сөз мәдениетін жандандыру, авторды құрметтеу және шығармаларын оқырмандар арасында кеңінен насихаттау, ерлік, батырлық қасиеттерді дәріптеу  мақсатында  өткен шараға аудан, облыс мектептерінің бірнеше оқушысы қатысып, өз бақтарын сынады. Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Алла Ержанқызының жетекшілігімен М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернаты атынан 11а-сынып оқушысы Ибатов Еркетаң мен кітапханашы Ахманет Нұртазақызының жетекшілігімен 7а-сынып оқушысы Ищанова Әсел қатысып, мектебіміздің намысын қорғап қайтты. Аталмыш байқау нәтижесі бойынша жас ақындар бөлімі бойынша Ибатов Е І орын иеленіп, Республикалық «Махамбет оқуларына» жолдама алды. Сондай-ақ осы байқауға қонақ ретінде мектебіміздің жас актерлері шақырылып, «Махамбет» қойылын көрермен назарына тарту етті.