Мақсат пен міндеттері

Мектеп-интернаттың мақсаты мен міндеттері

Мектеп-интернат қызметінің басты мақсаты болып табылады: міндетті жалпы білім беретін бағдарлама мазмұнын игерту, (меңгерту) негізінде оқушылардың жалпы ғылыми және жалпы мәдени дайындығын қалыптастыру; оқушыларды қоғамдық өмірге дағдыландыру, болашақ мамандығын және қызметін сапалы түрде таңдау жасауына негіз қалыптастыру; Азаматтық және Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу.

М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернаты жалпы білім беру мекемесі ретінде мынадай басты міндеттерді іске асырады:

– гуманитарлық, жаратылыстану, ғылыми және жалпы адамзат мәдениеттерін қоса меңгерген дені сау, логикалық ойлау және белсенді шығармашылық жұмысқа бейім, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу және сауықтыру;

– мектеп-интернат өз іс-әрекетінің барысында Қазақстан Республикасының Конститутциясы мен «Білім туралы» Заңын білім беру мекемелері жөніндегі типтік жобаны және басқа нормативті құжаттарды басшылыққа алады;

– оқушылардың жалпы білімі мен мәдениет деңгейін көтеру;

– жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;

– азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

– белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

– білім алушылардың кәсіптік бағдарлануын қамтамасыз ету;

– отбасы, халық, қоғам, мемлекет алдындағы міндеттері мен құқықтарын ұғындыру және тұлғаның азаматтылығын тәрбиелеу;

– қазақ халқының және республикадағы басқа халықтардың дәстүрі мен әдет-ғұрпын таныту.

Всего комментариев: 0