М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық науқаны аясында өткізілген іс-шаралар

2018 жылдың 12-13 қараша күндері 5-11 сынып оқушыларына арналған «Бала құқығы-адам құқығы» атты бұрыш жабдықталды. 13 қараша күні тарих және құқық пәндерінің мұғалімдері А.Н.Хатешов пен Г.С.Сармалаеваның ұйымдастыруымен  8-10 сынып оқушыларына «Заң бәрімізге ортақ» атты дөңгелек үстел, 14 қараша күні  10 сынып тәрбиешілері А.М.Тапалова мен Г.Қ.Дүйсенғалиеваның ұйымдастыруымен 9-10 сынып оқушыларына  «Адам құқығы бала құқығын қорғаудан басталады» атты зияткерлік құқықтық ойыны өткізілді

Ағымдағы жылдың 15 қараша күні 5-11 сынып оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттыру, ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да, әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру мақсатында «Сенің құқығың және заң» атты кездесу оздырылды. Аталмыш шараға Зачаган кенті кәмелетке толмаған жасөспірімдер жөніндегі инспекторы Есеналиев Тимур Мұратұлы қатысып, құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында кеңестер берді. 19 қараша күні мектеп психологі М.У.Жумабаева 5-11 сынып жетекшілеріне «Қоғамдағы, отбасындағы және мектептегі зорлық-зомбылық және бейбітшілік қағидаттары» атты психологиялық тренинг жүргізсе, 19-23 қараша аралығында 5-11 сынып оқушыларына «Бақытты балалық шақ» атты флеш-моб ұйымдастырылды. 22-23 қараша күндері мектеп оқушылары арасында «Бақытты отбасы» тақырыбында фотоконкурс ұйымдастырылып, қорытындыланды.