М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернаты бойынша «Бала құқығы-адам құқығы» атты Дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндік

Оқу корпусының бірінші қабатындағы фойеге апталыққа арналған 5-11 сынып оқушылары арасында «Бала құқығы конференциясы беттері» атты бұрыш жабдықталды. Оқушылардың құқықтық біліктілігімен міндеттерін және заңгер мамандығын қаншалықты білетінің анықтау мақсатында 06-11 қараша күндері аралығында 5-9 сыныптарға «Егер де мен заңгер болсам» тақырыбында шығармалар сайысы өткізілді.

Тарих пәнінің мұғалімдері А.Хатешов пен Г.Сармалаеваның  жетекшілігімен оқушыларға заң жөнінен түсінік бере отырып, зиянды заттардың нәтижесінде қылмыстық оқиғаның туындайтынына тоқталып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу мақсатында 8-10 сынып оқушылары арасында «Заң бәрімізге ортақ» атты дөңгелек үстел жүргізілді. Онкүндіктің бір күні Зашаған кентінің кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер жөніндегі инспекторы Тимур Муратұлы Есеналиевтың қатысуымен «Сенің құқығың және заң» атты кездесуге арналып, балалар бала құқығы туралы өз ойларын айтып, сұхбаттасып отырды. Сондай-ақ тәрбиешілердің жетекшілігімен «Адам құқығы бала құқығын қорғаудан басталады» атты зияткерлік құқықтық ойын оздырылды.