Ұлттық дәстүр мен ойындар насихатталды

 


М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында Білім басқармасының жастар саясаты мәселелері басқармасы ұсынған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық салт-дәстүрлерді және ұлттық спорт түрлерін насихаттауға арналған ақпараттық-түсіндірмелік дайын бейнероликтердісынып жетекшілер мен тәрбиешілерге тәрбие сағаттарына пайдалануға таратылды. Соның нәтижесінде мектеп тәрбиеленушілері қазақтың ұлттық «Наурыз» мерекесінде қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері мен ұлттық спорт ойындарын  көрсетіп, сахналық қойылымдар қойды.