«Латын әліпбиіне көшу – маңызды қадам»

«Латын әліпбиіне көшу – маңызды қадам»

М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында         2017 жылдың 21 желтоқсан күні  Облыстық Білім басқармасының  «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру туралы»  Қазақстан  Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығын қолдау мақсатында  кездесу кеші өтті. Кездесу кешіне Халықаралық Қазақ тілі қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының төрағасы, филология ғылымдарының докторы Жексенғалиев Болат Өтеғұлұлы мен Батыс Қазақстан инновациялық -технологиялар университетінің, педагогика факультетінің профессоры, доктор Сабыр Мұрат Бөкенбайұлы қатысты. Кездесу кешіне 10-11 сынып оқушылары, ұстаздар қауымы қатысып, латын әліпбиіне көшудің ерекшеліктерімен, қиыншылықтарымен толығырақ таныстырып өтті. Ғалым ағалардың терең ойларына, ұтымды жауаптарына оқушылар қауымы тәнті болып, көптеген сұрақтар қойып, кештің мазмұнын арттыруға  өзіндік үлестерін қосты. Жалпы тәлімі мен тағылымы мол кеш болды.

«Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық

қабілеттерін дамыту жолдары»

 

2018 жылдың 15 қаңтар күні  «Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды. Мақсаты: Сабақ үрдісіндегі диалогтік оқытудың маңызын таныту, жоғары дәрежелі сұрақтарды құрастыру, диалогты ұтымды пайдалану дағдыларын жетілдіру.

Дөңгелек үстел барысында « Ойды жалғастыр», «Ашық микрофон», «Ар-ождан аллеясы» әдістері арқылы диалогтың сабақ үрдісінде оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынының маңыздылығы айқын көрініс тапты.

«Сын тұрғысынан ойлау – оқытудың заманауи

әдіс-тәсілдерін дамыту»

 

2018 жылдың 18 қаңтар күні «Сын тұрғысынан ойлау – оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін дамыту»семинар ұйымдастырылды. Мақсаты: 

–         Ана тілі болып қалатынын негіздеу, қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеуде жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру, бүгінгі қазақ елінің индустриалық-инновациялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін парасатты, ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу.

–         Білім және мәдени-рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету.

–         Қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру.

 

              Семинар барысында төмендегі топтық жұмыстар орындалды.

·        Мәтіннен «ақпаратты сүзу» әдісі бойынша негізгі тірек сөзді тауып, сол сөз бойынша  иллюстрация салды.

·        Топтық жұмыстарды бір-бірімен алмасты.

·         Алмастырған жұмысты түсіндірді.

·        Жұмыстарды тізбектелген жіпке орналастырды.

·        Түсіндіру барысында өз жұмыстарын толықтырды.

·        Қарсы топқа екі жұлдыз бір ұсыныс айтты.

 

·        Топтар бір-бірін отшашумен марапаттады

«Оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындаудың

 әдістемелік аспектілері»

 

        2018 жылдың 18 қаңтар күні «Оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындаудың әдістемелік аспектілері» тақырыбында семинар өтті.

Семинардың мақсаты: оқушыларды  қорытынды аттестаттауда  сынақ өтетін пәндері мұғалімдерінің  әдістемесімен бөлісу, тәжірибелерімен  алмасу, оқушылар  жұмысын талдауға, бағалауға үйрету.

Жұмыс барысында мұғалімдер топтарға бөлініп, әдістемелер мен тапсырмалар жазылған қиылған қағаздар таңдалып, төмендегідей топтық жұмыстар орындады:

 · Мәтіндермен жұмыс (тыңдалым, оқылым)

 · Эссе құрылымы мен жоспары

 · Практикалық саты: тәжірибе кезеңі..

 

«Бұлақ туралы астарлы әңгіме» тақырыбында  видеоролик көрсету арқылы семинар қорытындыланды.

«Оқушылардың ғылыми жұмыстарын ұйымдастыру жолдары»

       2018 жылдың 11 қаңтар күні мұғалімдердің кәсіптік құзіреттілігін жүзеге асыру, тәжірибелерімен танысу, жобалап оқыту әдістерін талқылау мақсатында мектеп-интернаттың қосымша білім беру педагогы З.Гатауллинаның ұйымдастыруымен  педагогтерге арналған семинар өтті. Семинар барысында мұғалімдер топтарға бөлініп,  «Кластер» әдісі, «Шығармашылық жоба» жұмыстары арқылы өздерінің кәсіптік шеберліктерін арттырды. «Ұялы телефонның пайдасы мен зияны» және «Дәрумені мол жеміс» тақырыптарында видеороликтер көрсетіліп, сол тақырыптарға мини-жобаның жоспарын құрап, өзіндік постерлерін қорғады. Семинар мақсатты жүргізіліп, мұғалімдерге жоба жұмысын ұйымдастыру бойынша кең мәлімет берілген шара болды.