«Кітап – ақыл-ой қазынасы» апталығы

2018 жылдың 12-16 ақпан  күндері  аралығында «Кітап – ақыл-ой қазынасы» атты қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндері бірлестігінің апталығы өтті. Апталық аясында ашық сабақтар, зияткерлік сайыстар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Атап айтсақ, «Кітап – өмір ұстазы», «Оралханды оқиық…», «Қос партизан», «Ақжайық –тарихи мекенім», «Мәңгілік ел: бір ел – бір тағдыр». Ұйымдастырылған іс-шаралар барысында оқушылар белсенді қатысты. Оқушылардың кітап оқуға ынталарын арттыру, қызықтыру мақсатында стенд жасақталып, кітапхананың тұрақты оқырмандары өзге оқушыларға үлгі етілді. Апталық апта соңында қорытындыланып, белсенді қатысқан оқушылар марапатталды.