«Көңілді тапқырлар алаңы»

6-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған кешке оқушылар өте жақсы дайындықпен қатынасты.

Мақсаты: Оқушыларды сергіту, шығармашылық, актерлік шеберліктерін шыңдауға машықтандыру, сахна мәдениеті мен өзара достық пен сыйластыққа тәрбиелеу, есірткісіз, алкоголь, темекісіз өмірдің жарқын жақтарын насихаттау.

Сайыс өте тартысты өтті. Әділқазы алқасы тәлімгер Бисоков А.С, мектептің 2018 жылғы түлегі Қоблан Мирас және болашақ мектебіміздің түлегі Дамирұлы Аманкелді болды. Сайысқа 3 команда қатынасты: «Ұнамаса қарама» 2 қабат оқушыларының құрамасы, «Ұйымшыл жігіттер» 5 қабат құрамасы. Сайыстың негізгі мақсаты жарқын өмірді дәріптеу, зиянды әдеттерден аулақ болу. Жалпы осы мақсатқа жеткен және аша білген мектеп-интернатының 4 қабат оқушыларының «Ерекше» құрама командасы және жоғары ұпаймен І орынға ие болды. ІІ орынға «Ұнамаса қарама», ІІІ орынға «Ұйымшыл жігіттер» командасы орнықты.