«ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» республикалық ата-аналар конференциясы»

Тақырыбы: «5-6-7  сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық-педагогикалық көмек»

2018 жылдың  22 қыркүйегінде  5-6-7 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» республикалық ата-аналар конференциясы өткізілді. Конференцияға Зачаган кенттік аймағы әкімдігінің әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Ж.М.Каримжанов, 82 ата-ана және мектептің ұстаздар қауымы  қатынасты.
Конференция барысында мектеп-интернат психологі Г.Тулешова ата-аналарға 5-7 сынып оқушыларында кездесетін физиологиялық-психологиялық қиындықтарға қолдау көрсету,  балалар мен жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың, жыныстық қол сұғушылықтың алдын алу, позитивтік өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға және бала тәрбиесіндегі ата-ананың басты рөлі туралы кеңестер берілді.
Конференция соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасып және ұстаздар қауымына алғыстарын білдірді.