«Географиялық алаң»

М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында ағымдағы жылдың 19 ақпанында «Табиғат әлемі сыр шертеді» атты апталық аясында география пәнінің мұғалімі Б.Ескендировтың ұйымдастыруымен «Географиялық алаң» тақырыбында интеллектуалдық ойын өтті. Мақсаты: оқушылардың дүниетанымын кеңейту, картамен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру, географиядан алған білімдерін дамыту.