«Елі үшін туған-Елбасы» күні аталып өтілді.

 1 желтоқсан Қазақстан Мемлекетінің тұңғыш Президенті күніне арналған «Ел үшін туған – Елбасы» атты концерттік бағдарлама оздырылды.


Мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректікке, азаматтыққа, патриоттыққ сезімге тәрбиелеу. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.

Шара барысында оқушылар түрлі өлең жолдарын мәнерлеп оқыса, жас сахна шеберлері «Егемендікті аңсаған азат ел» тақырыбында көрініс көрсетті. Мың бұралған бишілер тобы да өз өнерлерін аталған мерекеге арнады. Мерекелік кеш мектеп директоры Майра Сансызбайқызының қорытынды сөзімен аяқталды.