«Елбасы – елдің тұтқасы»

2017 жылдың 1 желтоқсан күні мектебімізде  ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі, еңбек жолы туралы мағлұмат беру, Елбасының жүргізіп отырған саясатын түсіндіру, еліміздің ертеңіне деген сенімділік қалыптастыру, Елбасыға деген құрмет сезімдерін тереңдету, Отаншылдыққа, ұлттық патриотизмге тәрбиелеу мақсатында «Шаңырақ» балалар қоғамының ұйымдастыруымен 8-10 сыныптарға арналған «Елбасы – елдің тұтқасы» интеллектуалды танымдық ойыны өтті. Шара барысында оқушыларға Н.Ә.Назарбаевтың өмірі, балалық шағы туралы айта отырып, тақырыпқа орай слайдтар, бейнебаяндар көрсетілді. Елбасы туралы шығарма, өлеңдер оқылды. Интеллектуалды ойынға мектебімізге биылғы оқу жылында жаңадан келген оқушылар қатыстырылды.  Мазмұнды да мағына өткен тәрбиелік шараның қорытындысы бойынша 9а сынып оқушысы Сагидуллиева Аружан жеңіске жетті. Мерекелік күн арнайы  шақыртумен  келген Зачаганск округіне қарасты «Бәйтерек» аула клубының жас өнерпаздарының концертіне ұласты.