«Души прекрасные порывы…» апталығы

2018 жылдың 19-23 ақпан  аралығында «Души прекрасные порывы…» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі  және өзін – өзі тану пәндерінің апталығы өтті.  Апталық барысында ашық сабақтар мен әртүрлі сыныптан тыс шаралар ұйымдастырылды. Радиохабарламалар жасалып, қабырға газеттері шығарылды.  Сахналық қойылымдар мен танымдық ойындар оздырылды. Атап айтсақ,  жоғары сынып оқушыларының қатысуымен А.С. Пушкиннің «Евгений Онегин» шығармасы желісі бойынша мюзикл қойылды.  5-6 сынып оқушылары «Қызыл телпек» ертегісін сахналады. Сондай-ақ  7 сыныптар арасында «Своя игра», 8-11 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды Апталық барысында оқушылардың тілдік құзыреттілігін дамыту мақсатында жүргізілген жұмыстар мақсатына жетті. Апталық соңында белсенді қатысқан оқушылар марапатталды.