Дарындылар додасы

2018 жылдың 1 қазан күні М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында  «Қариялар күні» мерекесіне арналған «Таланттарды таниық» мектепішілік байқау өткізілді. Үлкенге құрмет көрсету, сыйластық, бауырмалдық сезімдеріне  баули отырып, оқушылар арасындағы дарынды оқушыларды анықтап, оларға қолдау көрсету,  шығармашылықтарын ұштау мақсатында ұйымдастырылған шараға 5 және 10-сынып оқушылары қатысты. Шын дарындар сынға түскен бұл додада әнші үміткерлер кәрі жандарға арналған түрлі әндерді әуелете шырқаса, жыр жазуды жаны сүйетіндер өз туындыларын оқыды. Сондай-ақ жас суретшілер өз өнерлерімен әсем суреттерін көрерменге ұсынса, жас сахна шеберлері отбасындағы үлкенге деген сыйластық пен қатігез әрекеттерді шебер сомдап көрсетті.Қосымша білім беру педагогы З.Гатауллинаның ұйымдастыруымен өткен аталмыш байқау жеңімпаздарды анықтап, марапаттау рәсімімен қорытындыланды.