Біз туралы

М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернаты қазақ тілінде оқытатын білім мекемесі. Мектеп-интернат алғаш 1962-1963 оқу жылында 8 жылдық мектеп негізінде Орда  ауданының Орда селосында  ашылған. 1974  жылы 15 қазанда Орал қаласына көшіріліп, Орал облыстық сауықтыру мектеп-интернаты  болып аталды. 1979 жылы азаткер ақын Махамбет Өтемісұлы есімі берілді.

Қазіргі М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп—интернаты 2012 жылы күрделі жөндеуден өткен, екі ғимаратта орналасқан. Мектеп облыстың барлық аудандарының  туберкулездің  толастау сатысындағы түрлерімен ауыратын балалар мен жасөспірімдерді емдеу орны ретінде уақытша қабылдайды, емдеп, сауықтырып, білім беріп, жан-жақты дамуына қызмет етеді.

Заңды тұлға ретінде мектептің толық атауы Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп – интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мекен-жайы: Қазақстан республикасы 090009, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Жәңгірхан көшесі  54 үй. Телефоны 8 (7112) 50-28-56

е-mail: shcoola.utemisova@mail.ru

Мемлекеттік лицензия АА № 0008648 сериясы  2 маусымда 2004 жылы берілген.

Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігі  № 953-1926-01-ГУ 19.08.2013 жылы берілді. Мектептің жалпы ауданы  3277,4 кв.м

Жылу, су құбыры, электр энергия – орталықтандырылған. Мектеп-интернаттағы оқу кабинеттерінің саны – 28 Зертханалық кабинеттер – 4. Спортзал – 1, шағын спортзал-1, би залы – 1. Мектеп сыйымдылығы: 480 орын. Асхана сыйымдылығы: 160  орын

Бүгінгі таңда  2018-2019 оқу жылының І жартыжылдығында оқыту үдерісінде 32 мұғалім, психолог, тәлімгер, әдіскер, қосымша білім беру педагогы және 2 кітапханашы, көркемдік жетекші, сонымен бірге интернат меңгерушімен қоса  20 интернат тәрбиешісі қызмет атқарады. 15 сынып құрамы, 243 шәкірт білім алып жатыр. 5-11 сыныптар толығымен бір ауысымда оқиды.

Жылдық жұмыс жоспарының құрылымы:

І бөлім

2017-2018 оқу жылына педагогикалық талдау жасау, жаңа оқу жылының мақсат-міндеттері

ІІ бөлім

Жалпы орта білім беруді ұйымдастырудағы білім мекемесінің қызметі

ІІІ бөлім

Педагогикалық мамандармен жұмыс, олардың біліктілігін көтеру шаралары

ІV бөлім

Білім беру үрдісін жетілдіруге бағытталған педагогикалық ұжымның қызметі

V бөлім

Тәрбие жұмысының жүйесін құруға бағытталған педагогикалық ұжымның қызметі

VІ бөлім

Білім мекемесін басқару. Ата-аналармен жұмыс

VІІ бөлім

Мектепішілік бақылау

VІІІ бөлім

Материалдық-техникалық, шаруашылық базасын нығайту

ІХ бөлім

Педагогикалық ұйымдастыру шаралары

Всего комментариев: 0