«Біз – бір шаңырақ, біз біргеміз»

Мектебімізде интернат оқушыларының демалыс күндерін қызықты да тиімді өткізу мақсатында қабатаралық шаралар өткізу жоспарланған. Міне осы мақсатта 2017 жылдың қараша айында «Шаңырақ» балалар ұйымының ұйымдастыруымен «Біз – бір шаңырақ, біз біргеміз» атты концерттік бағдарлама өтті. Жоғары сынып және белсенді балаларының жетекшілігімен әр қабаттың балалары керемет концерт қойып, әр сенбі сайын бір-бірінің өнерлерін тамашалады. Айта кететін жәйт, бұл шараларда балалар толықтай өздеріне жауапкершілік ала отырып, оны орындауды ұйымдастыруға мүмкіндік алды және өте жақсы деңгейде өткізді.

Балалар аса қызығушылықпен белсенді әзірленіп, ұйымшылдық таныта білді. Әр қабаттың концертінде «Құпия қонақ» айдарымен мектеп-интернатта бұрын оқыған өнерлі мектеп түлектері шақырылып, балалармен жүздесіп, өз өнерлерін тарту етті.

ІІІ қабат өнерпаздары

V қабат өнерпаздары