«Бір ел – Бір кітап» жобасы

Ағымдағы жылдың 17 қазанында М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында тәрбиешілер апталығы аясында «Бір ел- Бір кітап» жобасы өткізілді.

Шара барысында «Бір ел-Бір кітап 2019» республикалық акциясы бойынша таңдалған Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы мен ақын Әбділда Тәжібаевтың лирика өлеңдерін насихаттау мақсатында кітапханашы Ахманет Нұртазақызы ақын-жазушылардың кітаптарымен таныстырды. Жобаның мақсаты: оқу мәдениетін дамыту және қолдау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, ана тілімізге мұқият қарауға, дамыту мен сауаттылық бағдарламасын арттыру. Оқушыларға қазақ халқының аса көрнекті тұлғалары туралы бейнероликтер көрсетіліп, қазақ прозавигі Ә.Кекілбаевтің және «Сыр елі –жыр елі» атанған Ә.Тәжібаевтің шығармаларына шолу жасап өтті. Бірқатар жас өрендеріміз шара барысында көпшіліктің арасында қазақ әдебиетін танытуды дәстүрге айналдыру біздің маңызды құндылықтарымыз болып табылады деген қолдаумен жазушы шығармаларын оқуға шақырса, тәрбиеші Айболсын Тестемірқызының ұйымдастыруымен «Book Tast» жобасы мен «Әдеби джем» ойынына оқушылар мен бір топ ұстаздар белсене қатысты.