«Барлық жол мектептен басталады…»

«Барлық жол мектептен басталады…»

(Мектептің 55 жылдығына орай өткен мектеп түлектерімен кездесу кеші)

Мектебіміздің 55 жылдығына орай 2017 жылдың 16 қараша күні түлектермен кещдесу кеші өткізілді. Шара барысында мектебіміздің 2002 жылғы түлегі, бүгінгі халықаралық «Түркі әлемі» телеарнасының директоры Лариса Мақсотқызы Жұмаева жолдаған видеоролик тыңдалды. Кешіміздің ең үлкен қонағы тарих пәнінің мұғалімі, қазіргі зейнеткер  Балым Ахметқызы қатысты. Балым Ахметқызы  сан шәкірт тәрбиелеген ұстаз, өз шәкірттері туралы мақтанышпен айтты. Аталмыш шараға «Тасқала аудандық мәдени демалыс орталығы» МКҚК директоры. Дәулеткерей атындағы өнер институтын режиссура мамандығы бойынша тәмамдаған, еңбек жолын Жәнібек ауданының мәдениет саласынан бастап, Тасқала аудандық мәдениет үйінде жалғастырушы, Тасқаланың тарихында болмаған драма үйірмесін құрып, қарапайым үйірмені халықтық театрға айналдырған өнер иесі, мектеп түлегі Жанар Нұрболатқызы Бисенғалиева, «Жастар шығармашылығы орталығының», Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі, «Беташар», «Жас толқын», «Жас қанат», «Шабыт»   конкурстарының қатысушысы,  «Дала дарындары»  мен «Арай» байқауларынан  Гран-При иегері, мектеп түлегі Асланбек Мұратұлы Қуаналиев, «Жастар шығармашылығы орталығының» әншісі, мектеп түлегі Мұратжан Ахметұлы Усманов және Зеленов аудандық мәдени демалыс орталығы,  Мичурин ауылдық клубының қызметкері, көптеген  әндердің авторы, танымал әнші Жаңабай Өтегеновтің орындауындағы Ерік Нұржанұлының сазына  жазылған «Бауырым-ай» әнінің авторы, сондай-ақ мектепке арнап ақын Т.Мықимен бірігіп жазған әнұранның авторы Ерік  Нұржанұлы Мұхамбетқалиев қатысып, мерекелік кездесу кешінің сәнін арттырып, өз өнерлері мен тәтті естеліктерімен сыр шертісті. Кеш өте әсерлі, көңілді, қызықты өтті.