«Азаматтық қорғаныс» айлығы – мектебімізде

М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында  2018 жылдың 23 ақпан күні «Азаматтық қорғаныс» айлығы барысында жоспарланған  құқықтық тәрбие, оқушылар өмірінің қауіпсіздігіне негізделген  «Жол қауіпсіздігінің жас инспекторлары» ұйымының жетекшісі, тәрбиеші Г.Е.Шамарованың ұйымдастыруымен «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік»  атты іс-шара өткізілді. Бұл шара кездесу, сұхбат сағаты түрінде жоспарланып, ішкі істер бөлімінен мамандар шақырылды. Аталған шараға Орал қалалық жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы полиция майоры Динара Ғалелқызы Абдулкаликова келіп қатысты. Д.Ғ.Абдулкаликова және іші істер бөлімінен келген полиция қызметкерлері оқушыларға құқықтық сауаттылық, жол қауіпсіздігі ережелері, сақтық шаралары,  азаматтық міндеттер мен қорғаныс түрлері жөнінде әңгімелеп, ақпараттық материалдармен, бейне-ролик материалдарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.