«Қазақстандағы теріс ағымдағы діни экстремизм және терроризм қауіп-қатері» атты теолог маманмен кездесу

М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында 7-10 сынып оқушылары арасында діни экстремизмнің алдын алу бойынша оқушылардың діни сауаттылықтарын ашу, қатер төндіретін жат ағымдардан сақ болуға, оқушыларды діни сауаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Қазақстандағы теріс ағымдағы діни экстремизм және терроризм қауіп-қатері» атты теолог маманмен кездесу өткізілді.

Кездесу шеңберінде Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Н.И.Убаев деструктивті діни ағымдардың жеке тұлғаға әсері, олардың алдау-арбау техникалары мен әдіс-тәсілдері, деструктивті діни ағымдардың әлеуметтік желі арқылы теріс идеологияны насихаттаудағы жұмысы, экстремистік-лаңкестік мазмұндағы қылмыстар үшін қылмыстық-құқықтық жауапкершіліктердің нормалары жөнінде кеңес берді. Шара соңында «Қазақстандағы діни ағымдар» атты бейнеролик көрсетіліп, оқушылардың көкейтесті сұрақтарына жауаптар берілді.