«Қазақстан-мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасы

М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында «Қазақстан – мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасы барысында оқушылардың бойына мәңгілік адамзаттық құндылықтарды сіңіртіп, өмірден өз орнынадаспай тауып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету мақсатында сынып жетекшілер тарапынан 5-11 сынып оқушыларына тәрбие сағаттары оздырылды.

Сонымен қатар, «Руханилықтың мөлдір бұлағы» атты көрме ұйымдастырылып, «Қайырымдылық – жер бетінде» ұранымен флэшмоб өткізілуде.