Асыл әже вокальды тобымен кездесу

2018 жылдың 09 сәуір күні  М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру

Мектеп- интернатында Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру  бағдарламасы аясындағы «Рухани жаңғыру – болашақ кепілі» атты тәрбиешілер әдіс бірлестік апталығы барысындағы «Қазақ әндері» жобасы аясында «Асыл әжелер» вокалдық топпен кездесу өткізілді. Бұл кездесуде халқымыздың баға жетпес қазынасы әнді насихаттау, әннің тарихымен, көрнекі тарихи тұлғаларымен, әр өнердің музыкалық және мәдени мұрасының ерекшеліктерімен таныстыру, ұлттық музыка мен ұлттық дәстүр негізінде қазақстандық отаншылдықты қалыптастыру мақсат етілді.

Кеш музыкалық-әдеби монтаж түрінде жүргізіліп, жергілікті әнші-сазгер Ә.Сүлейменов бастаган «Асыл әжелер» вокалдық  тобы мүшелері, оқушыларға адамгершілік, отбасы, сыйластық  туралы әндер арқылы тәрбиелі ойларын білдірді.. Бірнеше қазақ әндерін шырқап, жақсы көңіл сыйлады.