Ашық есік күні

2018 жылдың 08 желтоқсаны күні М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында «Көшбасшы мектебі» жобасы аясында оқу үрдісінде функционалдық сауаттылықты дамыта отырып, жан-жақты тұлғаны қалыптастырудың жолдарын жетілдіру мақсатында облыстық білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Тұлға құзіреттілігін дамыту – функционалдық сауаттылықтың негізі» атты ашық есік күні оздырылды.

Ашық есік күнінің бірінші бөлімінде коучинг-сессия өткізілсе, екінші  «Театр-шығармашылық пен таным көкжиегі» бөлімінде The tale: «Little Red Riding Hood», Мюзикл «Письмо Татьяны и Онегина», «Махамбет» қойылымдары көрсетілді. «Сөз соңында ой түйсем…» атты рефлексияда қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, мектеп ұжымына алғыстарын білдірді.