«Арды ойлаған ақынмын»

2017 жылдың 17 желтоқсан күні мектебімізде «Тәуелсіздік күні» мерекесі қарсаңында облыстық «Әдеби Ақжайық» жобасы аясында танымал ақын, тележүргізуші Мұнайдар Балмолдамен кездесу кеші өтті. Кездесу барысында қаламгердің жуырда баспадан шыққан «Он төрт» романы таныстырылып, оқушылар ақын шығармашылығынан әдебии-сазды өлеңдер оқыды. Жазушының «Көкбөрі» жинағына енген «Қара шағу» деп аталатын әңгімесінен сахналық қойылым даярланып, көрермен назарына ұсынылды. Кеш барысында ақынның жан-жақты шығармашылығын  таныту мақсатында танымдық ойын ойнатылып, оқушылар көкейінде жүрген сауалдарына жауап алды. Кеш қызықты өтті.