«АҚЖАЙЫҚ» ЭТНОАУЫЛ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ КЕШЕНІ

М.Өтемісұлы атындағы облыстықтық сауықтыру мектеп-интернатының 7 сынып оқушылары мен бір топ мұғалімдері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен қала күні аясында ҚР Тұңғыш Президенті алаңында ашылған «Ақжайық» этноауыл ұлттық мәдени кешенін тамашалап қайтты.

Киіз үйлер тігіліп, алтыбақандар құрылған кешеннің көрінісі балалардың көңілінен шықты. Әсіресе «Жәдігер» жылжымалы музей экспозициясы мен «Өрнекті өнер» жәрмеңкесінен ғибратты әңгімесі мен ұлттық қолданбалы өнер бұйымдары шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдарды тамашалаудан алған әсерлері айрықша.