Ағымдағы жылдың 21 тамызында М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатының 5-11-сынып оқушыларына онлайн форматта «Жаңа оқу жылында менқалай оқимын?» жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өткізілдi

Ағымдағы жылдың 21 тамызында М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатының 5-11-сынып оқушыларына онлайн форматта «Жаңа оқу жылында менқалай оқимын?» жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өткізілді.

Сынып сағатының мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқу ерекшеліктері туралы оқушыларды хабардар ету.

Сынып сағатында күн тәртібінде қаралған сұрақтар:

* Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары.

* Қашықтан оқыту процесіжүргізілетін білім беру Интернет-платформасымен танысу.

* Мен және менің денсаулығым.

* Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі.

* Интернетте жұмыс істеу ережелері.