Ағымдағы жылдың 20 тамызында М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатының 5-11-сынып оқушыларының ата-аналарына онлайн форматта «Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өткізілді

Ағымдағы жылдың 20 тамызында М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатының 5-11-сынып оқушыларының ата-аналарына онлайн форматта «Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өткізілді.

Ата-аналар жиналысының мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету.

Ата-аналар жиналысында күн тәртібінде қаралған сұрақтар:

* Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары;

* Оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау;

* Қашықтан оқыту: баланың мінез-құлық ережелері және жұмыс орны;

* Қашықтан оқытуды жүзеге асыратын білім беру Интернет-платформасымен танысу;

* Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі;

* Баланың оқу режимі және демалысы;

* Баланы өздігінен оқуға қалай ынталандыру жолдары;

* Балалардың интернеттегі жұмысын ата-аналармдың бақылауы ережелерімен таныстыру;

* Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынас психологиясы.

Zoom форматында ұйымдастырылған ата-аналар жиналысына мектеп-интернат әкімшілігі, сынып жетекшілер, сынып тәрбиешілрі мен ата-аналар қатысты.