Ақпан айының 11-15.2019 күндері аралығында математика, физика және информатика апталығы өткізілді.

Ақпан айының 11-15.2019  күндері аралығында математика, физика және информатика апталығы өткізілді. 

Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мұғалімдердің іс-тәжірибелерін тарату.

Апталық жоспары бойынша пән мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар өткізді.

 

11 ақпан 2019ж

2019 жылдың 11ақпан күні саптық жиында МИФ пәндері апталығының ашылуы болды.

8а сынып оқушыларының шағын қойылымы мен апталық жоспарымен таныстырылды.

Математика  пәні мұғалімі  Р. М. Ищанова 11а сыныбында «Логарифмдік теңдеулерді шешу» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсатына сәйкесті оқушылар логарифмдік теңдеулерді шешу әдістерін қолданып, есептер  шығарып білімдерін көрсетті. АКТ тиімді  қолданылды.

12 ақпан 2019ж

 2019 жылдың 12ақпан күні  математика  пәні мұғалімі  С.Д. Бердигалиева 5а сыныбында «Ондық бөлшектерді қосу» тақырыбына ашық сабақ өткізді.  Сабақта  заманауи оқытудың әдіс-тәсілдері тиімді қолданылды. Сабақтың мақсатына сай ондық бөлшектерді қосуды игертуде  сынып деңгейіне сәйкесті тапсырмалар жүйелі берілді, оқушылар білімдерін көрсете білді.

13 ақпан 2019ж

 

2019 жылдың 13 ақпан күні  физика  пәні мұғалімі  Арайлым Болатқызы  10б- сыныбында  «Электр өрісінің потенциалы» тақырыбында ашық сабағын өткізді.

Мақсаты:

Электр өрісінің потенциалын, формуласын түсіндіру, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.

«Сен маған, мен саған» шаттық шеңберімен басталған ашық сабақ үй тапсырмасын тексерумен жалғасты. Сабақ барысында оқушылар екі топқа бөлініп, электр өрісінің потенциалы және эквипотенциалдық бет тақырыбында топтық жұмыстар жүргізді, тақырыпқа сай есептер жұмысын орындады. Сабақ тест жұмысын орындаумен қорытындыланып, оқушылардың қатысу деңгейі стикерлер арқылы анықталып, бағаланды.

14 ақпан 2019ж

 

2019 жылдың 14 ақпан күні  математика  пәні мұғалімі  С.Д. Бердигалиева 7-8 сыныптар арасында «Математикалық регата» танымдық сайысын өткізді.

Мақсаты:

Математикадан алған білімдерін қолдану дағдысын жетілдіру. Математика пәніне қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамытып оқушылардың салыстырмалы аз уақыт ішінде өздерінің бірегей шешімдерін ұсына алуларына қол жеткізу.Топтасып жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Математикалық регата байқауы 4 турдан және әр тур 3 тапсырмадан тұрды. Әр топта 4 оқушыдан болды.

Сайыстың мақсатына сай тапсырмалар берілді. Шығарылып отырған тапсырманы әділқазылар   алқасы тексеріп, сәйкесінше балдар қойып, қорытындылап отырады.

Сайыста оқушылар білімдерін көрсете білді. Нәтижесінде топтар мақтау қағазымен марапатталды.

2019 жылдың 14 ақпан күні  мектеп директоры М.С.Есенгазиева 10- сыныптар арасында «Әйел математиктер» танымдық сабағын өткізді.

Мақсаты: Дарынды ғалымдардың өмірбаянын зерттеу,тақырыпқа тұрақты қызығушылықты арттыру.Оқушыларды математика тарихымен таныстыру. Әр түрлі жағдайларды болжау,талдауға қабілеттерін дамыту.

Танымдық тағылым сабағында алғашқы әйел математик грек әйелі Гипатия мен ұлы математик С.В. Ковалевская туралы оқушыларға мол ақпараттар берілді.

Оқушылардың  саналы ойлауы мен өзіндік көзқарастарын қалыптастыруда тапсырмалар берілді. Оқушылар қызығушылықпен қатысып, өзара қызу ойталқы болды.

15 ақпан 2019ж

2019 жылдың 15 ақпан күні  мектеп директоры М.С.Есенгазиева 7б сыныбында «Қысқаша көбейту формулалары» тақырыбына ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсатына сәйкесті оқушылар қысқаша көбейту формулаларын қолданып есептер  шығарды. Оқушы білімдерін бекітуде  топшама тапсырмалары жүйелі қолданылды. Жеке, жұппен жұмыстар жүргізілді. Сабақта оқушылар өз білімдерін көрсетті.