3 ХАТТАМА 2017-2018

Хаттама №3
М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернаты бойынша

қамқоршылық кеңесінің отырысы

20.02.2018 жыл

 


Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. «Құқықтық тәрбие-әділет пен парасаттылық жолы» тақырыбындағы м
ектепішілік жалпы ата-аналар жиналысын өткізуді жоспарлау

2. Жетім, жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен, аз қамтылған жанұяның балаларының тұрмыс жағдайымен танысу.

 

Қатысқандар: мектеп әкімшілігі, қамқоршылық кеңес төрағасы, мүшелері,  ата-аналар комитеті мүшелері

Тыңдалды:


1. Б.З.Кадеров – қамқоршылық кеңес және ата-аналар комитеті төрағасы

 

       Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатының ата-аналар комитеті төрағасы  Б.З.Кадеров наурыз айының алғашқы онкүндігі ішінде мектепішілік ата-аналар жиналысын өткізу жоспары туралы мәлімдеді. Жиналыстың бағытталған тақырыбы мен таныстырды. Күн тәртібінде қаралатын мәселелерді талқылауға ұсынды.

Шешімі: 1. Мектепішілік ата-аналар жиналысы 2018 жыл 2 наурыз күні өткізу  бекітілсін.

                2. Ата-аналар комитетінің төрағасы Б.З.Кадеровтың айтқан ақпаратына назар    

                    аудару.

 

2. М.А.Ескалиева – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

        Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.А.Ескалиева мектептегі жетім, жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен, аз қамтылған жанұяның балаларының тұрмыс жағдайы туралы баяндады. Өз сөзінде: «Мектеп бойынша қамқоршылықта 7 бала есепте, бұл балаларға мемлекеттік көмек бойынша арнайы келімшарт құжаттары негізінде қысқы және жылы киімдермен, одан өзге оқушыға қажетті ең маңызды деген киімдер /мектеп формасы, кроссовка, туфли т.б/ қажеттіліктер бойынша киімдер алынды. Мектебімізде бұл 7 оқушыдан өзге тұрмыс жағдайы нашар балалар көп. Болашақта осы балаларға аз-маз болса да көмек көрсетуге мүмкіншілік, демеушілік табылып жатса жақсы болар еді»,-деді.

Сондай-ақ, жоспарланған «Құқықтық тәрбие-әділет пен парасат жолы» тақырыбына орай ата-аналар жиналысын өткізу жұмыстары жоспарланып жатқандығын,. «Азаматтық қорғаныс» айлығы барысында ІІБ қызметкерлерімен, Дін басқармасы мамандарымен кездесу, сұхбат сағаттарын өткізу шаралары жоспарланғанын мәлімдеді.

 

Шешімі: 1.Мектептегі тұрмыс жағдайы төмен оқушыларға көмек көрсету мәселелері назарда     

                   болсын.

                2.Мектепшілік ата-аналар жиналысының тақырыбына орай жиналысқа аймақтық  

                   полиция инспекторы шақырылсын.

Ата-аналар комитетінің төрағасы: КадеровБ.З.

Хатшы: Байзуллина Ж.