2 ХАТТАМА 2017-2018

Хаттама №2
М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернаты бойынша

қамқоршылық кеңесінің отырысы

20.12.2017жыл

 


Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. 
Мектептің қамқоршылық кеңесінің жұмысы.

2.  Жаңа жыл мерекелік  іс-шарасын ұйымдастыру және іс-шарадағы қауіпсіздік мәселесі

 

Қатысқандар: мектеп әкімшілігі,  ата-аналар комитеті төрағасы және мүшелері

Тыңдалды:


1. Б.З.Кадеров-қамқоршылық кеңес және ата-аналар комитеті төрағасы

          Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатының ата-аналар комитеті төрағасы  Б.З.Кадеров  қамқоршылық кеңесінің осы уақытқа дейінгі жұмысы жайлы айтты. «Мектепке жол», «Қамқорлық» акциялары барысында әлеуметтік көмектің көрсетілуі орташа деңгейде  болғанын, демеушілік топтар болмағанын түсіндірді. Сондай-ақ, мектеп әкімшілігімен қамқоршылық және қорғаншылық тәрбиедегі оқушыларды  анықтау, тізімін жасау жұмыстары жүргізілгенін баяндады. З.Юсупов мырзаның басшылығындағы «Жастық» Агропродукт ЖШС-нің көрсеткен аз-маз демеушілік қаражатын игеру мәселесін және оқушылардың қауіпсіздігін ұйымдастыруды ұсынды.

 

Шешімі: Ата-аналар комитетінің төрағасы Б.З.Кадеровтың айтқан ақпаратына назар аудару.

2. А.Ж.Сисенбаева – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

         Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  А.Ж. Сисенбаева дәстүрлі жаңа жыл мерекесін өткізудің ұйымдастыру жұмыстарымен таныстырып өтті. Қамқоршылар кеңесі мектептегі балалардың қажетіне пайдаланылатын материалдық жағдайын қамтамасыз ету, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, мектепке жабдықтар, материалдар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер сатып алуға көмектесу немесе демеушілік таныту  үшін құрылатындығын ескере отырып,  «Жастық» Агропродукт ЖШС-нің /З.Юсупов/ 20 000 (жиырма мың) теңге көлеміндегі демеушілік қаражаты мектептің жаңа жыл мерекелік іс-шарасын өткізуге, балаларға сыйлықтар алуға жұмсау жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Іс-шарадағы қауіпсіздікті  бақылау, қадағалау мақсатында мектепшілік кезекшілік кестесі жасақталып, оқушылар өмірінің қауіпсіздігін сақтау жүктелетінін баяндады.


Шешімі:

1.      Қамқоршылық кеңесінің  ұсынысы бойынша және мектеп әкімшілігінің шешімімен

«Жастық» Агропродукт ЖШС-нің /З.Юсупов/ 20 000 (жиырма мың) теңге көлеміндегі

демеушілік қаражаты жаңа жыл мерекелік іс-шарасында балаларға сыйлықтар алуға

жұмсалсын.

2.      Жаңа жыл мерекесін жоспарлы ұйымдастырып өткізу және бақылау жұмыстары  директордың тәрбие жұмысының орынбасары А.Ж. Сисенбаеваға жүктелсін.

3.      Іс-шарадағы қауіпсіздікті  бақылау, қадағалау мақсатында мектепішілік кезекшілік кестесі жасақталып, оқушылар өмірінің қауіпсіздігін сақтау  кезекші қызметкерлерге жүктелсін.

Ата-аналар комитетінің төрағасы: Кадеров Б.З.
Хатшы: Байзуллина Ж.