1 ХАТТАМА 2017-2018

Хаттама №1
М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернаты бойынша

қамқоршылық кеңесінің отырысы

13.09.2017жыл

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Мектептің қамқоршылық кеңесінің нұсқауымен танысу.

  1. Камқоршылық кеңес  мүшелерін сайлау, бекіту (төрағасы, орынбасар, жауапты  хатшы).
  2. Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын талқылау, бекіту.

Қатысқандар: мектеп әкімшілігі,  ата-аналар комитеті төрағасы және мүшелері

Тыңдалды:

  1. Б.З.Кадеров – ата-аналар комитетінің төрағасы
    Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатының ата-аналар комитеті төрағасы тыңдалды. Б.З.Кадеров 5-11 сынып ата-аналар комитеттерінің мүшелеріне  қамқоршылық кеңесінің міндеттері мен атқаратын іс-әрекеттері жайлы айтты.  Өз сөзінде Б.З. Кадеров:  «Қамқоршылық кеңес – мектептің өзін-өзі басқару органы болып табылатынын және мектептің қызметі мен дамуына жәрдемдесу үшін құрылатынын айтып өтті. Қамқоршылар кеңесі мектептегі балалардың қажетіне пайдаланылатын материалдық жағдайын қамтамасыз ету, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, мектепке жабдықтар, материалдар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер сатып алуға көмектесу немесе демеушілік таныту  үшін құрылады»,- деп мектептің қамқоршылық кеңесі, жұмысы туралы айтып өтті.

Шешімі: Ата-аналар комитетінің төрағасы Б.З.Кадеровтың айтқан ақпаратына назар аудару.

  1.  А.Ж.Сисенбаева – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

        Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесін құру нұсқаулығы бойынша  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  А.Ж. Сисенбаева толық таныстырып өтті. 2017-2018 оқу жылында қамқорлық кеңесінің төрайымы мен мүшелерінің сайлауы өтіліп, қамқоршылық кеңестің құрамына төмендегі тізім бойынша 9  адам мүше болып тағайындалды.

  1. Қадеров Б.З – ата-аналар комитетінің төрағасы, кеңес төрағасы

2.Сисенбаева А.Ж – директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, кеңес мүшесі.

3.Сүлеев Ж.К – кәсіподақ төрағасы, кеңес мүшесі

4.Ескабулова Е – ата-ана, кеңес мүшесі

5.Қарасаева Ж – ата-ана, кеңес мүшесі

6.Қулмуханова А – ата-ана,кеңес мүшесі

7.Ибатов О –  ата-ана, кеңес мүшесі

8.Жекеева Г –  ата-ана, кеңес мүшесі

9.Байзуллина Ж – ата-ана, кеңес хатшысы

Шешімі: Қамқоршылық кеңестің төрайымы мен мүшелері тағайындалып, бекітілсін.

  1. А.Ж.Сисенбаева – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
    Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Жоспар ата-аналар арасында талқыланып, таныстырылды.

Шешімі: Жоспардағы іс-шаралар мерзімге сай орындалсын.

Ата-аналар комитетінің төрағасы Б.З.Кадеров
Хатшы: Г.Жекеева